Мемлекеттік рәміздер, талдау және әдістемелік жұмыс бөлімі

«Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік рәміздер, талдау және әдістемелік жұмыс бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы бағыттар

1. Мемлекеттік рәміздер, талдау және әдістемелік жұмыс бөлімі (әрі қарай – Бөлім) «Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заңдарын, қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімінің өкімдері мен актілерін, Басқарма басшысының бұйрықтарын, сондай-ақ осы Ережені бөлім өз қызметінде басшылыққа алады.

3. Бөлім басшысының ұсынысы бойынша бөлім туралы ереже Басқарма басшысымен бекітіледі.

2. Бөлімнің міндеттері, функциялары және құқықтары

4. Міндеттері:

Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Астана қаласы әкімінің казақстандықтарды патриотизмге тәрбиелеуге, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, халықтың бірлігін сақтауға, Қазақстан Республикасы Конституциясының тұрақтылығына бағытталған саяси бағытын жүзеге асыру;

әкім үшін тоқсан сайын реформалық курсты «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және насихаттау бойынша шаралар туралы жиынтық ақпаратты дайындау;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аймағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің пайдалануына (орнатуына, орналастырылуына) бақылау;

елорданың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы, мемлекеттік билік жергілікті органдарының қызметі туралы қоғамдық пікірлерге мониторинг жүргізу;

муниципалды мәселелерді анықтау, ұсыныстарды әзірлеу, талдамалы баяндамаларды дайындау;

«Қазақстан-2050» стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын және Елбасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да стратегиялық құжаттарының іске асырылуын идеологиялық қамтамасыз ету.

5. Функциялары:

әлеуметтік зерттеулер жүргізу;

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу;

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы туралы жариялық-насихаттық басылымдар дайындау;

ішкі саяси үдерістерге тұрақты мониторинг жүргізу барысында алынған ақпаратты талдау;

қоғам тіршілік әрекетінің барлық негізгі бағыттары бойынша нақты ұсыныстар дайындау;

мемлекеттің идеологиялық тапсырмаларын орындау аясында Астана қаласының ақпараттық-насихаттау топтары мүшелерін әдістемелік материалдармен ақпараттық қамтамасыз ету, тұрғындармен кездесу арқылы ақпараттық-насихаттау іс-шараларын өткізу;

алынған мәліметтер негізінде талдамалық баяндамалар, есептер және хаттар дайындау;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуына мониторинг жүргізу;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің саясатын іске асыру;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде функцияларды жүзеге асырады;

тұрғындар арасында теле-, радио бағдарламалардың кешенді талдауын және экспресс-талдауын жүргізу.

6. Құқықтары мен міндеттері:

Астана қаласының әкімдігі мен мәслихаты бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

Бөлімінің құзыретіне кіретін әкім және әкімдік актілерінің жобаларын дайындау;

жергілікті атқарушы билік органдары қызметінің нәтижесі бойынша сараптамалық, талдамалық және жиынтық жұмыстарды жүргізу, ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарастыру;

Қазақстан Республикасының конституциялық қағидаттары мен заңнамаларын сақтау саласындағы тиісті атқарушы билік органдарымен жұмыс жүргізу, қоғамдық-саяси, насихаттау топтарымен өзара іс-қимылда қоғамдағы шиеленіс жағдайларының алдын алу;

әкімге реформалар курсын, «Қазақстан-2050» стратегиясын және басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды (оның ішінде Астана қаласы аудан әкімдерінің қызметін бағалау жүйесіне сәйкес) түсіндіру және насихаттау барысы туралы жұмысты үйлестіру және талдамалық анықтамалар дайындау;

қалалық қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық, ақпараттық ойын-сауық іс-шараларына қатысу;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Бөлім қызметкерлерінің жауапкершіліктері

7. Бөлім қызметкерлері төменде көрсетілгендерге жауапты болады:

Басқарма басшылығының берген тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындамағанда;

бөлімнің негізгі міндеттерін іске асыруға байланысты іс-шараларды сапалы орындаға;

қызметтік нұсқауларға байланысты өзіне жүктелген міндеттерді атқармағаны үшін;

жоғары тұрған органдарға уақытылы ақпаратты беру үшін;

еңбек тәртібін бұзғаны үшін.

4. Бөлім құрылымы мен оның қызметінің ұйымдастырылуы

8. Бөлімнің құрылымына бөлім басшысы және бас маман кіреді, оларды қызметке Басқарма басшысы қабылдайды және босатады.

9. Бөлім басшысы:

бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, бөлім мамандарының шығармашылық, кәсіби жұмыс атқаруына қолайлы жағдай жасайды;

басқарма басшысына Бөлім туралы ережені, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын бекітуге ұсынады;

бөлімнің ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарларын әзірлейді, олардың орындалуын қадағалайды;

бөлімнің жергілікті мемлекеттік органдарымен өзара қарым-қатынас жұмысын үйлестіреді;

өз құзыреті шегінде басқарманың есептік баяндамаларын әзірлеуге қатысады.

5. Қорытынды

10. Осы ережеге өзгертулер мен толықтырулар бөлім басшысының ұсынысы бойынша Басқарма басшысымен бекітіледі.

Мемлекеттік рәміздер,
талдау және әдістемелік
жұмыс бөлімнің басшысы Г. Елубаева

_