4625

Елордада Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойларына, Алтын Орданың 750 жылдығына дайындық жұмыстары басталды

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Алтын Орданың 750 жылдығына арналған іс-шараларға дайындық мақсатында қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен комиссияның кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Биыл елімізде бірнеше айтулы мерейтойлар мен даталарды аталып өткелі отырмыз. Атап айтқанда, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әбу-Насыр әл Фарабидің 1150, Алтын Орданың 750 жылдығы. Осы орайда елордасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды іс-шараларды талқылау үшін жиналып отырмыз. Одан бөлек, биыл ІІ дүниежүзілік Жеңістің 75 жылдығы, Конституциямызға 25 жыл және Қазақстан халқы ассамблеясына 25 жыл. Және еліміз үшін маңызды шаралардың елордадан бастау алатынын білесіздер. Сондықтан біз әрбір іске жауапкершілікпен қарауымыз керек. әл-Фараби мен ұлы Абайдың мерейтойы қағаз жүзіндегі шаралармен өтпеуі тиіс», - деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.
Аталған шараға Абай және әл Фараби әлемін зерттеп жүрген зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әбу-Насыр әл Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту бойынша тиісті жоспар бекітілді. Арнайы тапсырма бар. Оның ішінде қалалық деңгейде өтетін іс-шаралардың тұжырымдамасы жасалып, бекітілді. Бас қалада мерейтойға орай нақты істер қолға алынуда соның бірі «Абай әлемі» орталығы, елордалық бас ақынға арналған орталық боуы тиіс. Орталықтан қала тұрғындары мен қонақтары экспонатты ғана тамашалап қоймай, рухани азық алатындай болуы қажет. Абай жан-жақты тұлға сондықтан ол орталықта біз ақын-жазушылармен қатар суретші, тарихшы, музыканттарды да тартуымыз керек», - деді қала әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ Бақтияр Мәкен елордадағы бірқатар ескерткіштердің жаңарту керек екендігін атап өтті.
«Елордада «Отан Ана» монументі ескіріп қалды. Сондықтан күрделі жөндеу үшін арнайы қаражат бөлдік. Оны 9 мамырға дейін бітіруіміз керек. Жалпы, қалада барлық ескерткіштерді жөндеуден өткіземіз. Абай көшесіндегі Абай ескерткішінен бастап барлығын қайтадан жаңартып, абаттандырамыз», - деді Бақтияр Мәкен.
Естеріңізге салсақ, 9 қаңтарда мемлекет басшысының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді. Осы мақалада Президент Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуді тапсырған болатын және осы жылдың қазан айында «Абай және рухани жаңғыру мәселелері» атты халықаралық конференцияның өтетінін де атап өтті.
Қазіргі таңда бас қалада Абайдың атында даңғыл бар, онда ұлы ойшылдың ескерткіші орнатылған. Биыл даңғыл бойында «Қаламгерлер аллеясы» ашылды. Сондай-ақ № 87-ші мектеп-гимназиясына Абайдың есімі беріліп, білім ордасында «Абайтану» орталығы» жұмыс істеуде. Одан бөлек, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл «Абай әлемі» ғимаратын ашу жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109