3630

Нұр-Сұлтанда Фариза Оңғарсынованың шығармаларына негізделген музыкалық-поэзиялық туындының тұсаукесері өтті

Елордалық «Қаллеки» театрында көрермендер әйгілі қазақстандық ақын Фариза Оңғарсынованың лирикалық шығармаларына негізделген «Сенің махаббатың» қойылымын тамашалады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қаллеки» театрының әртістері музыкалық қойылымды Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арнады. Олар автордың әр жылдары отанға деген лирикалық өлеңдеріне негізделген туындыларын көрермен назарына жеткізуді басты мақсат етіп алды.

Бақыт Исабекова, Сырым Қашқабаев, Жәнібек Мұсаев, Айман Карпсаитова, Инабат Әбенова, Шах-Мұрат Ордабаев, Жанат Оспанова секілді театр әртістері Фариза Оңғарсынованың сүйіспеншілік пен философиялық туындыларды сүйетінін еске салды.

Режиссерлер Болат Ұзақов пен Нұрлан Жұманиязов ақын өмірбаянының негізгі кезеңдеріне тоқталып, сонымен бірге балалық шақтың, жасөспірімнің және ересектік кезеннің маңызды оқиғаларын керемет суреттей білді. Театрландырылған қойылымда ұсынылған орасан зор шығармашылық мұра жиналған қауымға алғашқы махаббат сезімін, қоштасу зарын, табиғаттың сұлулығы, адамгершілік пен рухани құндылық сабақтастығын көрсете білді.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, басты рөлді сомдаушы Алтынай Нөгербек дайындық барысында жазушының болмысын жан-жақты көрсетуге тырысқанын айтты.

«Әр оқырманның өзінің Фариза Оңғарсыновасы бар. Оның романтикалық өлеңдерінде әрбір қазақ өзін, отан тарихын тани алады. Ол нағыз патриот болды, халқын қатты жақсы көрді, өзінің бүгіні мен болашағы үшін алаңдады. Ол уақытты нәзік сезінді, өлеңдерінде өз дәуірінің қайталанбас тағдырлары мен кейіпкерлерін дәл көрсете білді. Ақынның образы бойынша жұмыс жасай отырып, мен көпшілікке ең бастысы - оның жеке басының тәжірибесі мен дана ойларын жеткізгім келді», - деді ол.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109