8210

Елордада «Ұмытылған ұлттық тағамдар» жобасы таныстырылды

Қазақтың ұмыт қалған ұлттық тағамдарын қайтадан жаңғырту мақсатында Достық үйінде «Рухани жаңғыру - ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен бірегейлікті сақтаудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бұл шараға білім саласының жетекшілері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлікті дамыту палатасының өкілдері, жалпы білім беретін оқу орындарының директорлары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының басшылары, ұлттық тағамды зерттеушілер мен этнограф мамандар, мейрамхана ісінің мамандары, студенттер қатысты.
Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі және қалалық Білім басқармасына қарасты №28, 30, 55 жалпы білім беретін мектептері бірлесіп дайындап жатқан «Ұмытылған ұлттық тағамдар» жобасы таныстырылды.
Басқосуда мамандар қазақтың ұмыт болған тағамдарының бірқатарын атап, оларды қайта жаңғыртудың қажеттілігіне тоқталды. Тек табақ тарту дәстүріміздің өзінде үлкен ғылымилық жатқанын айтып, бұл күнде кежім табақ, төре табақ, бас табақ, аяқ табақ, қос табақ, сый табақ сынды табақ тарту дәстүріміздің кейбір түрлері ұмытылып бара жатқанын жеткізді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109