4817

Белгілі журналист пен танымал психолог «Жаужүрек полк – 2020» акциясына қатысты

Биыл шара алғаш рет онлайн режимде өтуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Белгілі тележүргізуші Айгүл Мукей мен танымал психолог Құралай Ошақбаева Ұлы Отан соғысының батырларын еске алуға арналған «Жаужүрек полк» акциясына қатысты. Биыл коронавирусына байланысты «Жаужүрек полк» дәстүрлі шарасы Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде өтуде. Жұртшылық желіде өздерінің майдангер аталары туралы естеліктермен бөлісуде.
«9 мамыр – Жеңіс Күні қарсаңында, менің бүкіл ойым тек қана ата-әжелерім туралы. Мукеев Зайкен Мукейұлы, Мукеева (Утеева ) Әнуза Рымқызы,⠀нағашы атам Ахметов Хамзе және нағашы әжем Ахметова Жаншекер, әулетіміздің мақтанышы, менің әжемнің ағасы Утеев Алпысбай Рымұлы...

Ата-әжелерім өте қарапайым, сыпайы адамдар болған. Ешқашан соғыс туралы көп айтып, мақтанған емес. Бірақ, екі соғыстан өтіп, аман шыққан. Менімен келісетін шығарсыздар, сол кісілер талай қиындықтан өтіп, қазіргі біздің жағдайға қараса, шүкір етер еді. Біз үнемі өз ата-бабаларымызды еске алып, балаларымызға айтып отыруымыз керек. Аталарымызға қазіргі өміріміз үшін көп рахмет!», – деп жазды Айгүл Мукей өзінің Инстаграм парақшасында.

Сондай-ақ белгілі коуч психолог Құралай Ошақбаева өзінің майдангер атасы туралы әңгімеледі.

«Менің әкем Қасымов Зиядос Қасымұлы 1918 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. 1938 жылы әскер қатарына шақырылған. Брест қаласында мерзімін аяқтаған кезде, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталады. Алғашқы күнгі қанды қырғыннан аман қалған әкеміз қысқа офицерлік курстан өтіп, алғы шепке ұрысқа қайта аттанады. Соғыста жүріп аға лейтенант шенін алады. Рота командирі болады. Белгілі жазушы Асқар Лекеров екеуі бір ротада соғысады. 1942 жылы Асқар Лекеровтың жазған «Зиядос Қасымов» деген өлеңі “За Родину” газетінің 40 санында жарық көреді. Сол кісінің «Сөнбейтін жұлдыздар» деген кітабында әкеміздің көрсеткен ерліктері суреттелген. 1945 жылы Варшава қаласын азат ету кезінде соңғы бесінші рет ауыр жараланып госпитальға түседі. 1946жылы госпитальдан шығып, араға 8жыл салып елге оралды. Сол кісілер көрген сұмдықты келер ұрпақ көрмесе, әрбір атқан бейбіт таңның қадірін біліп өссе екен деймін. Алла елімізге, жалпы жер бетінде екінші ондай қырғын-соғыс болғызбасын», – деді Құралай Ошақбаева.

Еске сала кетсек, «Жаужүрек полк» онлайн акциясына барлығы қатыса алады.
«Әлеуметтік желі қолданушылары өз парақшаларының негізгі фотосына (аватарына) жүктеу үшін пайдалануға болатын Facebook-тегі дайын Жеңістің 75 жылдығының логотипін қолдана алады», – деді «Жаужүрек полк – Бессмертный полк» акциясының Нұр-Сұлтан қаласындағы үйлестірушісі Аида Баймақова.

Орнату жөніндегі нұсқаулық: Facebook-тің жеке парағы – негізгі фотосуретті нұқыңыз – рамканы қосыңыз – NS Jenis75 маскасын табыңыз – орнатыңыз. Одан кейін майданда қайтыс болған немесе соғысты басынан өткерген туысқандарыңыз туралы ақпарат, ардагер туралы фото немесе видео сюжет. Митингіге қатысушылар өз материалдарын әлеуметтік желілерде #Жаужрекполк #НұрСұлтан # Бессмертныйполк2020 хэштегтерімен орналастыруы керек. Қатысушылар Facebook-те «Астана 24/7» тобына жариялауға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109