824

Азаматтық бастамалар орталығы белсенді азаматтарды күтеді

Нұр-Сұлтанның үкіметтік емес ұйымдары азаматтық қоғамды дамытудың ажырамас бөлігіне айналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйымдар дамытуға атсалыспаған саланы табу қиын.

«Белсенді азамат болсаңыз, қала мен еліміздің өміріне қатысатын қайраткер болғыңыз келсе, біз әлеуметтік идеяңызды әзірлеуге көмектесеміз», – дейді Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық бастамалар орталығының менеджері Әлия Құсбекова.

«Астана КЕҰ форумы» заңды тұлғалар бірлестігі ісін жаңа бастаған үкіметтік емес ұйымдарға жан-жақты көмек көрсетеді.

«Біздің ұйым жиырма жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасап келеді. Орталықта оннан астам ҮЕҰ бар. Бізде компьютерлері жоқ адамдар үшін ресурстық орталық бар. Интернетке шығу, материалдарды басып шығару мүмкіндігі қарастырылған. Бұл коворкинг-орталықтарының баламасы», – дейді «Астана КЕҰ форумы» ЗТБ президенті Баян Ахметжанова.

Тағы бір табысты ҮЕҰ – «Социум – зерттеу» ҚБ қызметінің негізгі бағыттары – мемлекеттік органдардың ашықтығы саласындағы саясат пен елордада мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың қоғамдық мониторингін жүргізу.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесі ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл бойынша белсенді жұмысты бастады. Өйткені қаланың ҮЕҰ түрлі бағыттарда өз қызметін белсенді жүргізуде», – деп атап өтті қоғамдық бірлестік төрағасы Алтынай Нұркеева.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109