1130

Еріктілер карантин кезінде аға буынға көмек көрсетуде

Нұр-Сұлтанда #Birgemiz акциясы аясында жалпыұлттық жобаның еріктілері қарттарға барып, көмек көрсетуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

COVID-19 пандемиясына байланысты аға буын өкілдеріне коронавирус жұқпасын болдырмау үшін үйде болу ұсынылғаны белгілі.

Бұл жолы еріктілер жеке үйде тұратын зейнеткерге барып, көкөніс бақшасын ашуға көмектесіп, ауланы қоқыстан тазартты.

«Осы қиын-қыстау кезеңде, әсіресе аға буын, жалғызбасты адамдар көмек пен қолдауды қажет етеді. Олар үшін көңіл бөлу маңызды, біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Сонымен қатар біз медицина мамандарына көмектесуге тырысамыз. Бұған бізге кәсіпкерлер жәрдемдеседі. Жақында бір кәсіпкер 70 литр қымыз берді, енді бірі 300 медицина қызметкерін тамақтандыруға дайын», – дейді #Birgemiz ұлттық жобасының еріктісі Сұлтан Аллабергенов.

Батыржан – мүгедектігі барына қарамастан еріктілер қатарына қосылып, қала тұрғындарына көмек көрсетіп жүргендердің бірі.

«Мен коронавируспен күресуге өз еркіммен қосылдым. Жерлестерімнен карантин талаптарын қатаң сақтауды сұраймын: маска тағу, антисептик қолдану, әлеуметтік қашықтық сақтау керегін ескертемін», – дейді ол.

Сонымен қатар еріктілер елордалық кәсіпкерлермен бірге 100 дәрігерге тегін қымыз таратуды ұйымдастырды.

Қымыз шөл басып, денені қуаттандырады. Халықтық медицинада ол авитаминоз үшін қолданылады. Сусынның құрамында В дәрумені, аскорбин қышқылы және амин қышқылдары бар. Барлық берілген қымыз зертханалық тексеруден өтті.

Сонымен бірге, Қазақстанның астанасында карантин тәртібін сақтау бойынша рейдтер жалғасуда. Оған полиция қызметкерлерімен бірге еріктілер де қатысады. Соңғы рейд барысында 15 заң бұзушылық анықталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109