1779

«Жас сарбаз» қозғалысының елордалық филиалы «Анашым, маска тақтыңыз ба?» челленджін қолдады

Қазақстанда аға буын өкілдерін COVID-19 жұқпасынан қорғауға арналған челлендж танымал болып келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еске сала кетейік, 22 шілдеде «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшісі Динара Сәдуақасованың бастамасымен республикада #АнашымМаскаТақтыңызБа челленджі басталды. Бүгін оған «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының елордалық филиалы қосылды.

«COVID-19 індеті ешкімді аяп жатқан жоқ. Осындай қиын-қыстау кезде бір-бірімізге демеу болуымыз қажет. Сіз бен біз үшін қымбат жандардың денсаулығы өте маңызды. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі. Барша адамзаттың тәрбиешісі. Осыған орай барша қазақстандықтарды республикалық «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Анашым, маска тақтыңыз ба?» атты челенджге қатысуға шақырамыз», – дейді «Жас сарбаз» ЖӘПҚРҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Челленджге қатысушылар анасымен бірге маскамен суретке немесе видеоға түсіп, оны #АнашымМаскаТақтыңызБа хэштегімен әлеуметтік желілерде жариялап, @jasulan_qz парақшасын белгілеуі керек.

Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан санитарлық-эпидемиологиялық және гигиена нормаларын қатаң сақтауды сұрайды: коронавирус инфекциясының алдын алу үшін маска тағып, кемінде екі метр әлеуметтік қашықтық сақтау керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109