3151

Медициналық білім беру мекемелерінің студенттері Нұр-Сұлтан стационарларындағы жұмыс туралы айтып берді

Нұр-Сұлтанда болашақ дәрігерлер аға буын әріптестерімен бірге коронавирус инфекциясымен күресуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Астана» медицина университетінің студенттері өз еріктерімен дәрігерлерге көмекке келді. Қазір олар елорда емханаларында науқастар өмірі үшін күресуде.

«Стационар ашылған сәттен-ақ мұнда жас мамандар келді. Жұмыс барысында олар білімін, науқаспен жұмыс істеу қабілетін танытты. Дәрігерлер жетіспей жатқан шақта бізге көмек қолын созды. Әлі жас маман, интерн болғанына қарамастан, қабілетті жастар орасан зор көмек көрсетті» – дейді қалалық жұқпалы аурулар орталығы мобильді орталығының G блогы бөлімінің басшысы Бағлан Жармағамбетова.

«Астана» медицина университетінің жетінші курс студенті Нуриддин Розмат 22 наурыздан бастап дәрігерлерге көмек көрсетіп келеді.

«Рамада Плаза» қонақ үйінде жұқпалы аурулар бөлімінде ерікті интерн ретінде көмек көрсете бастадым. Ол жақта науқастардың біразы емделіп шыққан соң қалалық жұқпалы аурулар орталығына ауыстық. Қазіргі уақытта дәрігерлермен бірге алғы шепте коронавирус инфекциясымен күресудеміз. Дәрігер ретінде басты міндетіміз – адамдарға көмектесу. Азаматтарымызды індеттен аман сақтау үшін қолымыздан келгенін жасаймыз. Жұртшылыққа маска тағып, қолды жиі өңдеу керегін, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажетін тағы бір еске салғым келеді. Сондай-ақ уақытша той, туған күн тойлауды доғарған жөн. Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек», – дейді ол.

«Астана» медицина университетінің екінші курс студенті Тілеужан Хамидин де өз мақсатымен бөлісті.

«Эпидемия кезінде, мыңдаған адам коронавирус инфекциясымен ауырып, індеттен көз жұмып жатқан кезде шет қала алмадым. Көзде от, кеудеде нұрымыз бар жастар, аға буын әріптестерімізге көмек қолын созуға келдік», – деді болашақ дәрігер.

Хабарланғандай, шілде айының басынан Нұр-Сұлтан қаласында медицина университеті мен колледжінің 536 түлегі COVID-19-ға қарсы күреске тартылды. Түлектер емханаларға, ауруханаларға, стационарлар мен жедел жәрдем станцияларына бөлінді.

25 шілдедегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19-дың 9 494 жағдайы тіркелді, 6607 адам емделіп шықты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109