520

Елордалық қарттар үйіне жеке қорғаныс жабдықтары түріндегі гуманитарлық көмек жеткізілді

Мекемедегілерге маскалар, антисептиктер мен қолғаптар таратылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін «Добро-Соседство» акциясы аясында Қазақстан жастары Конгрессі мен Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы «Шарапат» қарттар үйіне Ресейден гуманитарлық жүк жеткізі. Оның ішінде маскалар, қолғаптар, антисептиктер, термометрлер, тонометрлер, ингаляторлар және басқа да жеке қорғану құралдары бар.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің «Добро-Соседство» коммерциялық емес ұйымдарының қоғамдық бастамасы аясында Қазақстанға COVID-19-бен күресуде көмек көрсетіледі.

13 шілдеден бастап Қазақстан қалаларына COVID-19-бен күресу үшін гуманитарлық жүктер жіберілді: 150 мың маска, 25 мың қолғап, 3 мың антисептик, 300 термометр, 100 тонометр, 50 ингалятор және басқа да жеке қорғану құралдары.

Жүктің жалпы құны 1,5 млн рубльден немесе 8,6 млн теңгеден астам.

«Осыған байланысты біз, үкіметтік емес сектор, күш-жігерімізді біріктіріп, көмек көрсетуді шештік. «Добро-Соседство» акциясы аясында Қазақстан жастар конгрессі өңірлерге жүктерді қабылдап, жеткізуді жүзеге асырады. Жүк Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Шымкент және Орал қалаларына жеткізіледі.

«Бүгін «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен қарттар үйіне 15 мың маска, 400 антисептик және мың қолғап жеткізілді. Сонымен қатар, мекемедегілерге қажетті дәрі-дәрмектерді де әкелдік. Мұндай көмек жалғасатын болады. Бұған дейін біз гуманитарлық жүкті «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына, «Үміт» Томотерапия және ядролық медицина ауруханалық кешеніне, SOS балалар үйіне, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына таратқан болатынбыз», – дейді қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек.

«Біз еріктілерге қарттарға көрсеткен көмегі үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Олар бізге үнемі қоңырау шалып, қандай көмек қажет екенін сұрайды. Біздің орталық карантин кезінде жұмысын тоқтатқан жоқ» – дейді «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен қарттар үйі директорының орынбасары Ердәулет Аманбай.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109