824

Елордалық партия мүшелері праймериз өткізуге дайын – Алтай Көлгінов

Nur Otan партиясы қалалық филиалының төрағасы, елорда әкімі Алтай Көлгінов партияішілік сайлау – праймериз астанада қалай басталғаны туралы айтты. Бүгінгі таңда праймеризге қатысуға 40-тан астам азамат өтініш білдірді, олардың 9-ы әйел, 20-сы 35 жасқа дейінгі жастар.

«Еліміздің саяси тарихында тұңғыш рет праймериз республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді. 2019 жылы «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Тұңғыш Президент – Елбасы ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы іске қосылды. Басым бағыттардың бірі – «ядролық электоратты» шоғырландыру: мұнда басым міндет – қала тұрғындары мен қала үшін қажет бастамалардың басында болатын қоғамның ең белсенді және беделді мүшелерін біріктіру. Бұл ашық партияішілік сайлау – «праймериз» маңызды міндерттерді орындауға серпін береді.

Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, праймериз – әр тұрғынға өз үлесін қосуға, қала мен елдің дамуына өзінің көзқарасын білдіруге мүмкіндік беретін әлеуметтік лифт. 17 тамызда басталып, 2020 жылдың 3 қазанында аяқталатын праймериз барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне немесе мәслихаттарға алдағы сайлауға партиялық тізімдер жасалады. Еліміздің барлық аймақтарындағы партия мүшелері қоғамның жоғары сенімі мен қолдауы бар ең беделді партия жетекшілерін дербес анықтайды», – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Жалпы, елордада праймеризге 42 мыңнан астам партия мүшелері дауыс береді. Дауыс беру 1-2 қазан күндері онлайн режимде өтеді. Белгілі бір себептермен ғаламторда дауыс бере алмайтын партия мүшелері үшін 3 қазан күні 39 сайлау учаскелері ашылады. Олардың әрқайсысы бейнебақылау жүйесімен, компьютерлік техникамен және сайлаудың ашықтығын қамтамасыз ететін басқа да атрибуттармен жабдықталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109