977

Үкіметтік емес ұйымдар белсенділігі екі есеге артқан

Белсенді қызмет ететін ұйымдар саны – 1885-тен 2594-ке жеткен, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы Т. Рахманбердінің төрағалығымен қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік саланы жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асырылуына байланысты онлайн режимде ашық сұхбат кездесуі өтті.

Кездесу барысында биыл белсенділіктің саны екі есеге артқандығы айтылды. Мәселен, қызметін тұрақты жүргізетіндер саны – 1885-тен 2594-ке жетті. Ал белсенді ұйымдар 2019 жылдың соңында 471-ден қазірде 610-ды құрап отыр.

Кездесуде қазіргі уақытта елордалық үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік гранттарды орындауда елордалық ұйымдар республика бойынша көш бастап тұрғандығы жеткізілді. 2019 жылы 28 грантты елордалық ұйымдар иеленсе, биыл 30-ға жетті.

Үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары Нұр-Сұлтан қаласының Азаматтық бастамалар орталығы арқылы біріздендіріліп келеді.
Сонымен қатар, бүгінде үкіметтік емес ұйымдар қызметін цифрландыруда арнайы ұйымдарға ортақ құрылған және кері байланыс үшін арнайы www.civilcenterelorda.kz сайты қызмет етеді

Сұхбат барысында қоғамда әлеумет шиеленісін тудыратын мәселелерді шұғыл алдын алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы Азаматтық бастамалар орталығы жанынан мониторинг штабын құру ұсынылды.

Пандемия кезіндегі дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігінен кейін дәріханалардағы препараттардың бағасын арнайы мониторинг тобы бақылайтын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109