9002

Елорда әкімі азаматтармен кері байланысты күшейтуді тапсырды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн қабылдау өткізді. Өтінім берушілер бірқатар мәселелер көтерді: аз қамтылған отбасылардың оқушыларына оқу құралдарын сатып алуға сертификаттар берілді, қашықтан оқытуға - компьютерлер мен роутерлер, қосымша білім алуға, жұмысқа орналасуға, түрлі тұрғын үй бағдарламаларына қатысу тетіктерін түсіндіруге көмек көрсетілді. Елорда әкімі Алтай Көлгінов өз орынбасарларына, аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына қала тұрғындарымен кері байланысты күшейтуді тапсырды.

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халыққа Жолдауында мемлекет «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруға бет бұрғанын атап өтті, «бұл тәсілдің мәні жай мемлекеттік органдардың халықтың күнделікті мәселелеріне ситуациялық реакциясы ғана емес. Бұл, ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог».

Азаматтарды қабылдау тұрғындардың жекелеген мәселелерін шешумен ғана шектелмей, жүйелік деңгейде заңнамаға ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді. Елорда әкімдігі азаматтарды тұрақты түрде қабылдайды. Тамыз айының соңында «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» өткізіліп, оған 208 өтініш келіп түсті. Қала тұрғындарына тиімді кері байланыс пен әлеуметтік көмек көрсету үшін өткен жылдың тамызында елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша Жанұя отбасы институтын қолдау орталығы ашылды. Осы уақыт ішінде орталық 31 мыңнан астам адамды қабылдап, 42 мың сауалды өңдеді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» синергиясы Нұр-Сұлтанда толық көрініс тапқан: үлескерлердің мәселелері шешіліп, «ақылды қала» тұжырымдамасы дамып келеді, елорда шынымен де жасыл қалаға айналды. Мәслихат депутаты ретінде қала әкімі мен оның орынбасарлары тұрғындармен кездесулер мен қабылдаулардың рекордтық көрсеткішіне қол жеткізгенін атап өтпей кете алмаймын. Мыңдаған өтініштер мен шағымдар бойынша шешімдер қабылданды! Мәселелерді уақытында шешу әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесті. Бұл қалалық мәслихат депутаттарының сіңірген еңбегі, оларға енді қосымша өкілеттіктер берілетін болады. Ортақ міндет - өмір сүру сапасын жақсарту үшін жұмыс істеу», - деді қалалық мәслихат депутаты, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.

Жыл басынан бері елорда әкімі Алтай Көлгінов 800-ге жуық адамды жеке қабылдады. Азаматтарды қабылдауды әкім орынбасарлары, бөлім басшылары, аудан әкімдері де жүргізеді. Өткен жылы 11 мыңнан астам өтініш қаралды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109