1452

Достық үйінде «MAMA» фотокөрмесі ашылды

Экспозиция Отбасы күніне орайластырылған, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елорданың Достық үйінде «Мама» фотокөрмесі ашылды. Экспозицияда көп балалы аналардың фотосуреттері, сонымен қатар отбасы құндылықтарын бейнелейтін суреттер қойылған. Көрменің ашылуына отбасына қамқорлық пен белсенді қоғамдық жұмысты қатар алып жүрген аналар қатысты.

«Сіздерге отбасы институты мен қоғамдағы бірлікті нығайтуға қосқан үлестеріңіз үшін алғысымыз зор. Сіздерге тағзым, құрметті әйелдер, аналар! Зор денсаулық пен сәттілік тілеймін», - деді әкімнің бас инспекторы, әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Мөлдір Бөлебаева.

Сондай-ақ шара барысында аналар кеңесінің ең белсенді мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған медальмен марапатталды.

«Басшылығымыздың атынан аналар кеңесінің мүшелеріне медаль тапсырғым келеді. Бұл әртүрлі этникалық топтардың өкілдері. Сіздерге женкештілік еңбек үшін рахмет!», - деді Нұр-Сұлтан қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

Фотокөрмеге қатысушылар мұндай шаралардың ұрпақ тәрбиесінде маңыздылығын атап өтті. Еске сала кетейік, Қазақстанда Отбасы күні қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109