
Сәбит Ақмарал Сәбитқызы
Басшының орынбасары
Сәбит Ақмарал Сәбитқызы 1967 жылы 7 қаңтарда Жамбыл облысында туған.
Орджоникидзе атындағы орта мектепті бітірген соң 1988 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы Жамбыл педагогикалық институтына оқуға түсті.
Еңбек жолын Жамбыл облысының Қаратау мектеп-интернатында пионерлер жетекшісі ретінде бастаған, содан кейін мұғалім, мектеп директорының орынбасары, «Жастар орталығы» КМҚК директоры, «Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінде, «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бөлім басшысы болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болып қызмет атқарады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz