«Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ішкі мемлекеттік саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  орналасқан  жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, №
  10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: этникааралық және конфессияаралық келісім саласындағы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық-саяси тұрақтылығын нығайтуға, елорда тұрғындарының әлеуметтік оңтайлы көңіл-күйін қалыптастыруға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын қолдау мен дамытуға, ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру.
  2. Міндеттері:
  • қоғамдық-саяси және әлеуметтік қатынастар, ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар, тіл саясаты, туризм және спорт, бұқаралық ақпарат құралдары салаcында жергілікті атқарушы биліктің барлық құрылымдарының бірыңғай стратегиясын және келісілген өзара іс-қимылын қалыптастыру;
  • саяси партиялардың және қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметтері туралы қажетті ақпаратты жинақтау және дайындау;
  • рұқсат етілмеген наразылық акциялардың алдын-алу және қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  • алынған деректер негізінде елордадағы қоғамдық-саяси ахуал туралы талдамалы баяндамалар, есептер және қызметтік жазбалар әзірлеу;
  • саяси партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметі саласында тәжірибелік ұсынымдарды, негізгі бағыттарды қалыптастыру;
  • Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің (бұдан әрі – әкім) казақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, Қазақстан халқының бірлігін сақтауға, Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын сақтауға бағытталған саяси бағытын жүзеге асыру;
  • әкім үшін тоқсан сайын реформалар бағыты, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан      мемлекеттің      жаңа      саяси      бағыты» (бұдан әрі – «Қазақстан-2050» стратегиясы) және басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және насихаттау жөніндегі шаралар туралы жиынтық ақпаратты дайындау, сондай-ақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) түсіндіру және насихаттау;
  • елорданың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы, мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қызметі туралы қоғамдық пікірлерге мониторинг;
  • муниципалды проблемаларды анықтау, ұсынымдарды жасау, талдамалық баяндамаларды дайындау;
  • «Қазақстан-2050» стратегиясының, Бағдарламаның, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Елбасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да стратегиялық құжаттарының іске асырылуын идеологиялық қамтамасыз ету;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде тиімді бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
  • Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа күрес заңнамаларының нормаларын сақтау;
  • гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру.
  1. Функциялары:
  • мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және басқа да заңнамалық актілерін, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік) қаулыларын, әкімнің өкімдері мен шешімдерін, «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
  • «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобаларын әзірлеу, тұжырымдамалық құжаттарды дайындауға қатысу;
  • мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
  • «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі іс-қағаздарын жүргізу жағдайын қамтамасыз ету және бақылау;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік жарнамасы мен сыртқы безендіру жағдайының орындалуын бақылау;
  • мемлекеттік мерекелерге, маңызды оқиғалар мен тарихи күндерге арналған іс-шараларға орайластырылған сыртқы безендіру мен әлеуметтік жарнаманы орналастыру бойынша қызметті іске асыру;
  • қоғамдық-саяси қарым-қатынастарды реттеуде Нұр-Сұлтан қаласы билігінің барлық тармақтарымен өзара әрекет ету қағидаттарын қалыптастыру;
  • Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы саяси партияларға, қоғамдық- саяси ұйымдарға және олардың филиалдарының қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу;
  • саяси партиялармен, қоғамдық-саяси ұйымдармен және олардың филиалдарымен өзара іс-қимыл жасау, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында қоғамдық ұйымдармен өткізілетін іс-шараларға қатысу;
  • саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және үкіметтік емес ұйымдардың қызметін талдау жолымен қоғамдағы қоғамдық-саяси ахуал жағдайының ортақ беталысын анықтау және болжау;
  • бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге рұқсат беру жөніндегі өтініштерді қарастыру, әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеу;
  • қоғамдық орындарда (саябақтар, шағынгүлбақтар), мәдениет ескерткіштері мен монументтерге, ғимараттарға, құрылыстарға іргелес аумақтарда, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының көшелерінде бұқаралық-мәдени іс-шаралар өткізуге өтініштерді қарастыру;
  • «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі құзыреті шеңберінде рұқсат етілмеген наразылық акцияларының алдын-алу және болжау;
  • әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласы туралы презентациялық-насихаттық басылымдар дайындау;
  • ішкі саяси процестерге тұрақты мониторинг барысында алынған ақпаратты талдау;
  • қоғам тіршілік әрекетінің барлық негізгі бағыттары бойынша нақты ұсынымдар жасау;
  • мемлекеттің идеологиялық міндеттерін орындау аясында Нұр-Сұлтан қаласының ақпараттық-насихаттау топтары мүшелерін әдістемелік материалдармен ақпараттық қамтамасыз ету, тұрғындармен кездесу арқылы ақпараттық-насихаттау іс-шараларын өткізу;
  • алынған мәліметтер негізінде талдамалық баяндамалар, есептер және жазбалар дайындау;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің саясатын іске асыру;
  • халық бірлігін сақтау, қоғамда саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу бойынша конституциялық қағидаттарды бекіту;
  • қоғамдық-саяси, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік биліктің барлық тармақтарымен келісілген өзара іс-қимылдың бірыңғай бағдарламасын іске асыру;
  • Нұр-Сұлтан қаласының аумағында әрекет ететін үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне ұдайы мониторингті жүзеге асыру;
  • үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау және олармен Нұр-Сұлтан қаласының аумағында өткізілетін іс-шараларға қатысу;
  • үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы туралы қажетті ақпаратты үнемі сұрау және талдау;
  • үкіметтік емес ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары бойынша ұсынымдар қалыптастыру.
  • Нұр-Сұлтан қаласының аумағында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және оны іске асыру;
  • «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптардың сақталуын бақылау;
  • Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдары туралы заңнамаларының бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, кейіннен оларды сот органдарына беру;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
  1. Құқықтары мен міндеттері:
  • Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен мәслихаты бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
  • «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
  • жергілікті атқарушы билік органдары қызметінің нәтижесі бойынша сараптамалық, талдамалық және жиынтық жұмыстарды жүргізу, ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарастыру;
  • Қазақстан Республикасының конституциялық қағидаттары мен заңнамаларын сақтау саласындағы тиісті атқарушы билік органдарымен жұмыс жүргізу, қоғамдық-саяси, насихаттау топтарымен өзара іс-қимылда қоғамдағы шиеленіс жағдайларының алдын алу;
  • әкімге реформалар бағытын, «Қазақстан-2050» стратегиясын, Бағдарма және басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды (оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы аудан әкімдерінің қызметін бағалау жүйесіне сәйкес) түсіндіру және насихаттау барысы туралы жұмысты үйлестіру және талдамалық анықтамалар дайындау;
  • қалалық қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық, ақпараттық-ойын-сауық іс-шараларына қатысу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын әкім қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
  • «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқаруды жүзеге асырады;
  • өз орынбасарлары мен «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
  • «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
  • «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалар қолданады;
  • бұйрықтарға қол қояды;
  • «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын және бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
  • «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесін барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда ұсынады;
  • «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жемқорлықа қарсы іс-шаралар қолданады және ол үшін жеке жауапкершілік алады;
  • «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентін бекітеді.
  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігіне жатады.
  2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе,

«Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

  • «Elorda Aqparat» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
  • «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz