1546

«Ashyq» қосымшасын пайдаланатын елорданың кәсіпкерлік нысандары қалай жұмыс істейді

Боулинг орталықтар, компьютерлік клубтар, елорданың бассейндері наурыз айының басынан бастап «Ashyq» мобильді қосымшасын қолдана отырып жұмысын қайта бастады. Қаланың боулинг клубтарының бірінің менеджері мобильді қосымшаның қалай жұмыс істейтіні және келушілердің мұндай өзгеріске деген реакциясы туралы ой білдірді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 3 наурыздағы қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес, боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар, бассейндер «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалана отырып, өз жұмысын қайта бастады.

«Ashyq» қосымшасының жұмыс принципі кәсіпкерлік объектісіне QR-код және келушілерге түрлі-түсті форматта мәртебе беруден тұрады. Келушілер кіру және шығу кезінде QR кодын сканерлеуі керек.

«Hungry Rabbit» мейрамханасы мен боулинг орталығының менеджері Аида Әбдікәрімова пилоттық жобаға қатысу және адамдардың жаңалыққа деген реакциясы туралы айтып берді.

«Бізде боулингке орын брондағанда келушілерге Ashyq қосымшасын алдын ала жүктеп алу туралы ескертеміз. Біздің қонақтар кірген кезде бірден сканерлейді және қабылдауда өздерінің мәртебесін көрсетеді. Егер келушіде қосымша болмаса, онда телефоннан ЖСН-ін қолмен енгіземіз және мәртебесін анықтаймыз», – деп түсіндірді Аида Әбдікәрімова.

Айта кету керек, келушілерге түстер бойынша мәртебе беріледі:

– «қызыл» мәртебе – қозғалысқа шектеу, өйткені адам амбулаториялық емделуде;

– «сары» мәртебесі – ішінара шектеу, яғни ПТР арқылы байланыста болған;

– «көк» мәртебесі – ПТР-анықтаманың болуы міндетті орындардан басқа жерлерде қозғалысқа шектеулер жоқ;

– «жасыл» мәртебе – COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен адам үшін шектеусіз қозғалыс.

«Қызыл», «сары» мәртебелер әлі ешкімде болған жоқ. «Жасыл» мәртебелер болды, яғни келушілер ПТР тестінен өтті және нәтижесі теріс болды. Негізінен «көк» күйлер. Санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес боулинг орталығының толымдылығы 50 адамды құрайды», – дейді боулинг орталығының менеджері.

Оның айтуынша, жұрт бастапқыда инновацияны екіұшты қабылдады.

«Басында жұрт арасында түсініспеушіліктер болды. Бірақ БАҚ-та түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін адамдар сабырлы жауап береді деп ойлаймын. Біз келушілерге осы жүйенің арқасында боулинг орталықтары жұмысын қайта бастағанын түсіндірдік. Содан кейін адамдар тыныш жауап берді. «Ashyq» қосымшасының арқасында біз жұмыс істейміз – бұл ең бастысы. Бізге қосымшамен жұмыс істеу ыңғайлы, өйткені бұл қонақтардың да, қызметкерлердің де денсаулығы үшін», - деді боулинг орталығының өкілі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109